374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында әскери қылмыс саны азайды

  • 228
  • UPD: 17:15, 25.08.2018
Маңғыстау облысында әскери қылмыс саны азайды

Маңғыстау өңіріне еліміздің бас әскери прокуроры Дастан Сартаев жұмыс сапарымен барды.

Алдымен ол Ақтау теңіз портына аялдап, жауынгерлік кемелердің жорыққа дайындығымен танысты. Мұнан соң әскери теңіз айлағында отандық үлгідегі қару-жарақ, техникамен жарақтанған сарбаздардың ұрысқа даярлығын пысықтады. Ақтау гарнизонына қарайтын құрылымдық жасақ сардарларының рапортын тыңдап, «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын жан-жақты іске асыруды тапсырды. 

Дастан Сартаев, ҚР бас әскери прокуроры:

- 10 жыл ішінде қылмыс саны 2 есеге төмендеді. Жалпы болатын құқық бұзушылықтар - командирлердің бұйрығын тыңдамау, сарбаздарды ұрып-соғу жоқтың жанында деуге болады. Қазір мұндай істер өте аз. Осы жоба өз нәтижесін беріп жатыр. Және қазір армияда бұрынғыдай политрук қызметі қайта енгізілді. Олар жақсы жұмыс жасап жатыр.

Осы категория бойынша: « АҚШ-та тұрып жатқан түркістандықтар қаланың облыс орталығы болғанына ризашылықтарын жеткізді Елімізде соңғы бір ғасырда ауа температурасы жоғарылаған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы