364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының Мәншүк ауылында мұғалімдерге жатақхана берілді

  • 306
  • UPD: 23:58, 25.08.2018
Ақмола облысының Мәншүк ауылында мұғалімдерге жатақхана берілді

Целиноградтық мұғалімдер де жаңа оқу жылының қарсаңында баспанамен қамтылды. Жаңа жатақхана Ақмола облысының Мәншүк ауылында бой көтерді.

Бір қабатты нысан 5 пәтерден тұрады. Оның үшеуі бір бөлмелі болса, тағы екі бөлмелі екі пәтер бар. Нысанның жалпы аумағы 300 шаршы метр. Барлық жағдайы жасалған. Су мен жылу жүргізілген. Ауласында балалар ойын алаңы салынған. Жатахана мектепке жақын жерде орналасқан. Мұнда жаңа оқу жылынан бастап, жас мамандар қоныстанады деп жоспарланып отыр. 

Малғаждар Таткеев, Целиноград ауданының әкімі:

- «Туған жер» бағдарламасының аясында әлеуметтік нысандар бой көтеріп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың жалпы саны 39-дан асады. Мемлекеттік тараптан мұғалімдерге әлеуметтік көмек жасалынады. Осы жылы 120 маманға 432 млн теңге баспана алуға қаражат бөлінді. Көтерме қаражаты 58 адамға 9 млн 700 теңге қаржы бөлінді. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. Президент бастамасын осы ауылдың тумасы Бауыржан Исабаев та қолдады. Кәсіпкер бала кезінде өзі тұрған үйдің орынына мұғалімдерге баспана салып берді. 

Дәмеш Алдоңғарова, зейнеткер:

- Осы мұғалімдерге салынған үйдің орынында Бауыржан туылғанда 72 жылы біздің үй болған. Осы үйде ол тәй-тәй басып, еңбектеп 5 жасқа дейін тұрды. Міне 46 жылдан кейін мұғалімдерге үй салып, өз елін, жерін, мектебін қатты сүйеді.

Осы категория бойынша: « Астанада жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр энергиясы ажыратылады Петропавл қаласында полицейлер қоныс тойын тойлады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы