374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстанда ШЫҰ аясында құқықтық қызмет көрсету мәселесі талқыланды

  • 207
  • UPD: 12:42, 26.08.2018

Халыққа құқықтық қызмет көрсету жолдарын жетілдіру, сот сараптамасы саласындағы өзара іс-қимылдарды жақсарту және қазіргі заман қауіп-қатеріне заңнамалық тұрғыдан төтеп беру.

Осы және өзге де мәселелер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің әділет саласы басшыларымен өткен кездесуде кеңінен талқыланды. 

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің әділет ұйымы басшылары осымен алтыншы рет бас қосты. Биыл шараны қырғыз елі ұйымдастырып отыр. Күн тәртібіндегі мәселелердің дені заң және құқық саласына қатысты. Басты назар ұйымға мүше елдердің жеке және заңды тұлғаларына арналған оңтайлы жүйені құруға аударылды.  

Мақсатбек Есенәлиев, Қырғыз Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы:

- Біз кәсіпкерлерге арнап онлайн тіркеу жүйесін енгізіп, халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылату бойынша жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмыз. 

Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер үшін маңызды саланың бірі – сот сараптамасының құқықтық жүйесі. Жүйенің оңтайлы іске асуы мемлекеттік органдардың құқықтық негіздегі өзара іс-қимылына байланысты. ШЫҰ елдері бұл жұмысты ілгерілету үшін бес жылдан бері тәжірибе алмасып келеді.  

Нұрлан Аққошқаров, ШЫҰ бас директорының орынбасары:

- Басқосуда екі жоспарды бекіттік. Оның бірі – сот-сараптамалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобын құру болса, екіншісі – құқықтық қызмет көрсету бойынша жоспар құру.

Қиындықтарға төтеп беру өте маңызды. Әділет министрлері халықаралық қауіпсіздікке төнетін қатермен бірлесе күресудің маңызын ерекше атады. Бұл ретте ШЫҰ шеңберінде қабылданған халықаралық құқық нормалары мен келісімшарттар көп септігін тигізеді.  

Басқосу нәтижесінде ұйымға мүше елдердің құқықтық сала басшылары бірлескен қарар қабылдады. Жеті тармақтан тұратын құжатта ұйым мүшелерінің салаға қатысты өзара іс-қимылдары белгіленген. Айта кетерлігі, іскерлік кеңеске Беларусь, Ауғанстан мен Моңғолия елдерінің бақылаушылары қатысты.

Авторлары: Б.Т., Бакыт Чермашев

Осы категория бойынша: « Елімізде тағы бірнеше бағыттағы жол ақылы болады Ақмола облысында сұйық отын өндіретін зауыт бензин де шығармақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы