367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 19 шақырым желі жаңартылады

  • 174
  • UPD: 11:15, 26.08.2018
Ақтөбеде 19 шақырым желі жаңартылады

Ақтөбеде инженерлік желілерді жаңа технологиямен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Жерді қазбай-ақ құбыр тарту әдісі 100 шаршы метр аумақта 1 млн теңгеге дейін үнемдейді. Желі өтетін жерде небәрі екі шұңқыр қазылып, оның бірінен ескі құбыр алынса, екіншісінен жаңа құбыр салынады. Бұларды кәріз құдықтары арқылы да жүргізуге болады. Осындай тиімді технологиямен қалада 19 шақырым желі жаңғыртылады. Шаһарды сумен қамтып отырған коммуналдық мекеме 3 жарым млрд теңге бөлген. Жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасын монополияға қарсы департамент өкілдері бақылайтын болады.

Гүлжаз Қазбекова, ҚР ҰЭМ ТМРжБҚ комитеті облыстық департаментінің бас маманы:

- 2018 жылға бекітілген жобалардың жалпы сомасы 3 млрд 680 млн теңгені құрайды. Оның ішінде суды беру қызметі – 2 млрд 380 млн теңге. Ал суды бұру қызметіне 1 млрд 300 млн қаржы қарастырылған. Жалпы, жүргізілген сараптама нәтижесінде негізгі құралдардың тозуы 63 пайызды құрады. Сол себепті негізгі күрделі жұмыстар осы жөндеу жұмыстарына бағытталған.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында сұйық отын өндіретін зауыт бензин де шығармақ Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 40 млрд теңге бағытталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы