369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығысқазақстандық қария мектебінің мерейтойына Павлодарға велосипедпен жеткен

  • 166
  • UPD: 17:51, 26.08.2018

Павлодар облысында 70-тен асқан қария өзі түлеп ұшқан мектебінің мерейтойына велосипедпен келді.

Ол Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан Павлодардың Аққулы ауданы, Қызылқоғам ауылына жету үшін бір апта жол жүрген. 800 шақырымды артқа тастаған Сайран Мұқаметжанов Қызыл әскер мектебін 1965 жылы бітірген екен. Велосипедші алыс жолға жарты жыл дайындалыпты. Кездесуге білім ошағын әр жылдары бітірген түлектер жиналды.

Жайнагүл Батталова, С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директоры:

– «Мектепке тағзым» акциясы аясында бізден түлеп ұшқан түлектер өз үлестерін қосып жатыр. Бүгінгі өтіп жатқан шараларымыздың жүлделі орындарын да осы түлектер ұйымдастырды.

Сайран Мұқаметжанов, мектеп түлегі:

– Жол бұл жолы қиын болған жоқ. Бәрі де сәтті болды. Жолда туысқандарым қарсы алды. 800 шақырым көп емес, әдетте Астанаға, Омбыға, Қарағандыға дейін 1200 шақырым.

Осы категория бойынша: « Леңгірліктер таза суға қол жеткізе бастады Түркістандық кәсіпкер ауылдастарына спорт кешенін салып берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы