367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаймай тұр

  • 303
Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаймай тұр

Жетісу өңірінде үш ауысымды мектептердің саны азаймай тұр.

Қазіргі таңда Алматы облысында осындай 27 мектеп бар. Олардың қатарын азайту үшін жаңадан 4 білім нысаны салынып жатыр. Тағы 8 мектептің құрылысы келесі жылы жүргізіледі. Қалған 15-нің жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеумен тиісті мамандар айналысуда. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға да баса назар аударылып отыр. Бұл мақсатқа биылдың өзінде 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Гүлсара Исағұлова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Биылғы жылдың өзінде облыстың мектептеріне 20 мыңнан астам оқушы қосымша келіп отыр. Биылғы жылы 45 мың оқушыны бірінші сыныпқа қабылдап отырмыз. Жылдан жылға бала саны артып жатыр. Ол өсім – демографиялық. Бір шетінен бұл өте қуанарлық мәселе деп ойлаймын.

Осы категория бойынша: « ҚР СІМ: Болгариядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ Павлодарлық оқушылар Атырау облысының тарихымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы