365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері әзербайжан тіліне аударылды

  • 393
  • UPD: 22:21, 26.08.2018

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері әзербайжан тіліне аударылды.

Бұл ақынның 125 жылдығына орай қолға алынған бастама. Аудармашы профессор Рамиз Әскердің айтуынша, Мағжан туындыларының мағынасы терең әрі ұлттық ерекшелігі зор, сондай-ақ өзге ақындардан стилі бөлек болғандықтан, басқа тілге аудару қиынға соғыпты. Жинақты басып шығаруға ТҮРІКСОЙ ұйымы атсалысқан. Әзербайжан мәдениет министрлігі қазан айында Бакуде Мағжанның 125 жылдығына арналған шара ұйымдастырмақ.

Рамиз Аскер, аударма авторы, профессор:

– Мағжан поэзиясының орны бөлек. Шығыс ақындарына да, еуропалықтарға да ұқсас емес. Оны футурист, имажинист деп атап жүрген. Бір жағынан дұрыс деуге болады, бірақ осымен толық келісе алмаймын. Себебі Мағжанның айрықша стилі болған. Шығарған кітабымда, сол парағында қазақша, ал оң жағында әзербайжан тілінде жазылған. Өтйкені оның шығармашылығы бойынша университетте сабақ беріп жүрміз, студенттеріміз қазақша нұсқасын да көрсін.

Осы категория бойынша: « ШҚО-дағы Бесқарағай ауданында құны 10 млн теңге болатын бірнеше жоба жүзеге аспақ Оралдағы музейде өңірдегі киелі жерлер туралы тың мәлімет білуге болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы