365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жаңа саябақ қолданысқа беріледі

  • 160
  • UPD: 10:05, 27.08.2018

Қостанай облысының Затобол кентінде жаңа саябақ пайдалануға берілмек. Демалыс орнының салынуы елді-мекендегі екі бірдей көшеге ерекше өң берді.

Оларға асфальт төселіп, жарық орнатылды. Жоспар бойынша саябақ аумағында субұрқақ пен спорттық ойын алаңдары салынады. Мұның сыртында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен,,, СМАРТ орындықтар қойылады.  Олар  күннің қуатымен жұмыс істейді. Айта кетерлігі, «ақылды» орындықтарды халықаралық ЭКСПО көрмесіне барып қайтқан жергілікті ұрғын жасап шығарпған.

Анатолий Стародубцев, Қостанай ауданы ТКШ бөлімінің басшысы:

- Орындықтар қазақстандық шикізаттан жасалады. ЭКСПО 2017 көрмесінен үлгілерін алып келген, соның негізінде өз өнімін дайындап шығарды. Смарт орындықтарға ұялы телефондарды қуаттауға болады, блютуз қосылады және күн батареясымен жұмыс істейтін автономды жарық шамдары бар.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысындағы Шәуілдір және Темір елді мекендеріне газ беріледі «Қазақстан» Спорт сарайының бассейні күрделі жөндеуге жабылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы