374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстан» Спорт сарайының бассейні күрделі жөндеуге жабылады

  • 134
  • UPD: 10:40, 27.08.2018
«Қазақстан» Спорт сарайының бассейні күрделі жөндеуге жабылады Yvision.kz

«Қазақстан» Спорт сарайының бассейні күрделі жөндеуге жабылады.

Бұл туралы «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ «Қазақстан» Спорт сарайына сенімді басқару жүргізеді және тұрақты түрде қала тұрғындары мен қонақтарына бассейнді пайдалану жағдайларын жақсарту аясында тұрақты қызмет етіп келеді. Сондай ақ қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету шаралары жіті бақылауға алынған. Осы жұмыстар шеңберінде нысанның техникалық жағдайын анықтау мақсатында, «Қазақстан» Спорт сарайының тірек конструкциялары мен ғимарат түйіндеріне кешенді тексеру жүргізілген болатын.

Техникалық зерттеулердің нәтижесінде «Қазақстан» Спорт сарайының бассейн құрылымы апатты жағдайда екені туралы қорытынды берілді. Зерттеу нәтижелері бассейн қабырғаларының салмақ көтеру қабілетінің және пайдалану жарамдылығының төмен екендігін көрсетті.

«Қазақстан» Спорт сарайы 2001 жылы пайдалануға берілді және осы уақыттан бері ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

«Осы айтылған мәселелерді ескере отырып, «Қазақстан» Спорт сарайына келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ бассейн аймағының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Аталған шара биылғы жылдың 27 тамызында күшіне енеді және бассейін аймағындағы жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады»,-делінген хабарламада.

Қолданыстағы абоненттері бар және басқа да бассейн келушілері үшін «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ бассейіндегі жаттығу сабақтарын «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайының бассейнде жалғастыра алады.

«Бұл ретте абонент талаптары мен келісім шарттары сақталатынын атап өтеміз. Сондай ақ «Қазақстан» Спорт сарайының бассейн абоненттері мерзімсіз шартқа ауыстырылып, келушілерге жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жаттығуларын жалғастыруға мүмкіндік береді. Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және спортсүйер қауым тарапынан түсіністік болады деп үміттенеміз. Біздің басты мақсатымыз адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсізідігін қорғау», - делінген хабарламада.

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында жаңа саябақ қолданысқа беріледі 2019 жылғы халық санағына бұрынғыдан 3 есе аз санақ персоналы жұмылдырылады - ҚР ҰЭМ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы