364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда партия ұйымдарының жұмысын жандандыру жолдары талқыланды

  • 230
  • UPD: 18:46, 27.08.2018

Қарағанды қаласында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдарының бірінші аймақтық форумы өтті.

Астана, Алматы және Қостанай қалаларынан келген партия мүшелері ұйым жұмысын жандандыру жолдарын талқыға салды. Қатысушыларға партияны тұтастай цифрландыруға, оның мүшелерінің бірыңғай базасын құрып, құжат айналымын азайтуға және партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған «Цифрлық партия» жобасы таныстырылды. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік жастар саясаты, рухани жаңғыру бағытын жүзеге асыратын 22 жаңа жобаны жүзеге асыру жайын талқылады. Айта кету керек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде 5 мың 839 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасай бастады. Құрамында 1 млн астам мүшесі бар.

Меруерт Әйтенова, Алматы қаласы бойынша «Игілік» бастауыш партия ұйымының төрағасы:

- Биыл ақпараттық, цифрлық партия бұл деген біздің ақпаратымыздың әлеуметтік желілер арқылы қағаз басылымынан бізді босатып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына өзінің үлесін қоса отырып, жанданатын бағытын көрсетіп отыр. Бұрын біз барлығын хаттап, оны поштамен жіберіп отыратынбыз. Ал қазір «Цифрлық Қазақстанның» өркендеуіне үлесімізді қосып жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Республика бойынша оқулықтардың 98,2%-ы баспалардан өңірлерге жөнелтілді Конституция күніне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы