374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ә.Исекешев пен А.Шпекбаев Астанадағы Ikomek жедел əрекет орталығына барды

  • 209
  • UPD: 17:57, 27.08.2018
Ә.Исекешев пен А.Шпекбаев Астанадағы Ikomek жедел əрекет орталығына барды inform.kz

«Астана – адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында Астана әкімі Әсет Исекешев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына барды.

Орталықтың жетекшісі Жаннат Дубирова жұмыстың нәтижелері бойынша iKomek - ең үздік халықаралық тәжірибеге (АҚШ пен Канаданың service management 911 және 311 қызметтеріне сүйене отырып) және осы қызмет арқылы бірыңғай байланыс нүктесімен тұрғындарға көмек көрсетудің төрт деңгейлі үлгісі - Интеллектуалды байланыс орталығына (қалалық және мобильді телефоннан 109 нөмірі) негізделгенін атап өтті.

iKomek орталығының негізгі қызметі – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру болып табылады.

Бірыңғай фронт-офистің негізгі мақсаты – тұрғындардың мәселелерін 90%-ға дейін жедел деңгейде қашықтан шешу.

«109 бірыңғай байланыс орталығы» құрылған сәттен бастап кеңейтілген қызмет көрсету функциялары арқылы, 2018 жылы 8 айдың ішінде 461 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, олардың 77%-ы шешілген. Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы коммуналдық қызметтердің барлық байланыс орталығын біріктіреді және қала тұрғындарының бірыңғай байланыс нүктесі болып табылады.

iKomek орталығына қаладағы 4422 бейнебақылау камерасы орналасқан. Жалпы бейнекамера қоғамдық орындарда яғни адам көп шоғырланған жерде, мысалы сауда орталықтары, мешіттер, үлкен аялдамалар, теміржол вокзалдарында орналасқан. Қаланың бейнебақылау жүйесі арқылы iKomek орталығының операторлары тәулік бойы мектептердің, аулалардың, тұрғын үйлердің және басқа да аумақтарға бақылау жүргізеді. iKomek орталығының операторлары қоқыс тастау, жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділерін анықтау және басқа да бұзушылықтарды тіркейді. iKomek орталығында Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері бар. Өзара әрекеттесу нәтижесінде 2018 жылдың басынан ІІД-не 1297 өтініш келіп түсіп, оның 1189-ы өңделді, ТЖД желісіне 102 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 100-і өңделген.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап Астана қаласында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Астана қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ елорданың мемлекеттік мекемелерінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Осы категория бойынша: « Ерлан Қожағапанов: Дәретхана салуға мемлекеттік субсидия берілуі керек Алакөлде биыл 600 мыңнан астам саяхатшы демалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы