365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада iKomek орталығына жаңа қызмет түрлері қосылды

  • 214
  • UPD: 19:57, 27.08.2018

Енді Астанадағы қоғамдық көліктер туралы ақпаратты 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Қызмет түрін iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы көрсетеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында аталған орталыққа 461 мыңнан астам тұрғын өтініш білдіріп, оның 77 пайызы оң шешімін тапты. Мәселелердің басым бөлігі көшелерді су басу, көлік тұрақтарындағы орынның жоқтығы және заңсыз қоқыс тастау деректеріне байланысты түскен. Жалпы IKomek орталығына қаладағы 4 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған. Бұл шаһардағы ахуалды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді. Жобаны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Астана қаласы әкімдігі бірлесе отырып жүзеге асырып жатыр.

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Астана Бірыңғай төлем орталығы, «Астана су арнасы» мен әкімдіктің колл орталығы, сонымен қатар Астана LRT мен «Астана» тазалықтың нөмірлері қосылды. Яғни бір орталықтан мыңға жуық қызмет түрін алуға болады. Өтініштер 109 нөмірі бойынша және әкімдік сайты мен Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілері арқылы қабылданады.

Әсет Исекешевтің айтуынша, IKomek орталығына түскен өтініштің 2 мыңдайы білім саласына қатысты. Бүгінде шаһарда әлеуметтік 5 қызмет түрі автоматты түрде жүйеленді. Бұл қызмет түрлерін алу үшін шамамен 20 минут кетеді. «Алдағы уақытта мектептердің бюджетін онлайн режимде бақылауға да мүмкіндік туады», – дейді билік өкілдері. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Алдағы екі жылда барлығын автоматты жүйеге көшіруге ниеттіміз. Бухгалтерлік есеп-қисап, электронды журнал, тағысын тағы. Өткен жылы электронды журналға 450 мың баға қойылды. Ол автоматты түрде министрлікте тіркеледі және оны өзгерту мүмкін емес.    

Осы категория бойынша: « Ә.Исекешев автобус жүргізушілерінің үстінен қайда шағым түсіруге болатынын айтты Мәжілісмендер үшінші мегаполистегі баспана мәселесімен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы