365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында Кеншілер күні аталып өтті

  • 267
  • UPD: 22:24, 27.08.2018

Облыс әкімі Саран, Шахтинск және Абай қалалаларына барып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады.

Аймақ басшысы шаһарды аббатандыру мен тұрғын үй құрылысының қарқынымен таныстырды.

Мерекеге жиналған Саран қаласының тұрғындары 80 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің құрылысы мен РТИ аумағында көп жылдан бері қаңырап бос қалған үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын естіп қуанды. Бұл жаңалық мерекенің сәнін кіргізіп, жұртшылықтың көңілін бір серпітліп тастады.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

- Ең ауыр қызмет, жауапкершілігі мол – шахтер мамандығы. Сондықтан бүгін осы мамандық иелерінің үлкен тойы, мерекесі. Жасап жатқан жұмыстары үшін облыс тұрғындары атынан сіздерге шын жүректен рақметімді айтамын.

Аймақ басшысы Сараннан кейін Абай қаласының кеншілерін құттықтап, жағымды жаңалықпен бөлісті. 2019 жылы қаланың кәріз жүйесін жөндеуге және жаңғыртуға 4 миллиард теңге бөлініп, көп жылғы мәселе шешімін табатын болды. Ал Шахтинск тұрғындарына облыс әкімі келесі жылға жоспарланған спорт сарайының құрылысы мен 64 пәтерлі тұрғын үйдің салынатынын жеткізді.

Кеншілер күні мерекесіне орай үш қалада түрлі концерттік шаралар ұйымдастырылып, еліміздің атақты әншілері ән шырқады.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Осы категория бойынша: « Астаналықтар жемқорлықпен және салғырттықпен күресуді бастамақ Қазақстан неміс туристерін қайран қалдырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы