365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысына қарасты Ақши ауылында су үнемдеу жүйесі іске қосылды

  • 241
  • UPD: 10:07, 28.08.2018

Алматы облысы жасыл экономиканы дамыту бағытында бірқатар істі қолға алып отыр.

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ақши ауылында су үнемдеу жүйесі іске қосылды. Жерасты суы жылыжайда да пайдаланылады.

Жылдар бойы жерасты суынан зардап шегіп келген Ақши ауылындағы мәселе түбегейлі шешілді. Көктемде көтерілетін жерасты суы 5 шақырымға жуық дренажды жүйе арқылы ауыл шетіндегі жасанды көлге жиналады. Ол әрі қарай жаңадан тұрғызылған 10 жылыжайды сурауға пайдаланылады. Нәтижесінде 36 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал ауылдық мектепте су үнемдеу және кәріз суын қайта пайдалану жүйесі іске қосылды. Оқушылар үшін күн энергиясы арқылы жылы және ауызсу станциясы қойылған. Сонымен қатар кәріз суы биологиялық тәсілмен қайта тазартылып, көгалды суаруға жұмсалады. 

Бақытгүл Елшібаева, Еңбекшіқазақ аудандық жергілікті қауымдастықтар қорының атқарушы директоры:

– Мектепте және балабақшада су үнемдеуші сенсорлы крандар қойылған. Одан кейін әрбір кәріздерде дәретхана бөшкелері екі режимді батырмалармен қамтамасыз етілген.

Бұл – Біріккен ұлттар ұйымы мен Еуропалық одақтың ортақ жобасы. Жерасты суларын тиімді пайдалану мен дренажды жүйе жұмыстарына 1,1 млн. доллар жұмсалған. Жалпы мұндай жоба еліміздің бес аймағында іске асырылды. Қаржыландыру құны 7,1 млн еуроны құрайды. БҰҰ өкілінің айтуынша, Алматы қаласы мен облысында жасыл экономиканы дамытуға қолдау көрсету одан әрі  жалғасады. 

Норимаса Шимомура, БҰҰ тұрақты өкілі:

– Біріккен ұлттар ұйымы жасыл экономиканы дамыту мақсатында осындай бірқатар жобаға қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, табиғи бақтарда туристік орталықтар ашылды. Балқаш, Қапшағай, Алматы қалаларының жасыл экономиканы дамытуға үлес қосып жатырмыз. 

Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданындағы отыздан аса ауыл көктем мезгілінде жерасты суларынан зардап шегеді. «Жаңа жүйенің тиімділігін көрген жергілікті билік оны енді өзге ауылдарға да пайдаланамыз», – дейді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев

Осы категория бойынша: « Еліміздегі қоян-қолтық ұрыс қауымдастығына жаңа басшы тағайындалды «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы