365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда жаңа мешіт халық игілігіне берілді

  • 226
  • UPD: 13:51, 28.08.2018

Солтүстікқазақстандық мұсылмандар үшін бүгін – айрықша күн.

Петропавлда көптен күткен жаңа мешіт халық игілігіне берілді. Күмбезі көкпен таласқан зәулім ғибадатхана Конституция мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына тамаша тарту болды.

Негізінен бұл мешіттің іргетасы 2014 жылы қаланған болатын. Құрылысты уақытылы аяқтауға қаражаттың жоқтығы біраз қолбайлау болды. Сондықтан арнайы қор ашылған еді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші жергілікті тұрғындар қол ұшын созып демеушілік жасады, асарлатты. 4 жыл уақыттан кейін зәулім ғибадатхана пайдалануға берілді. Руханияттың бастауы болған мінәжат үйі жиырмасыншы шағын ауданда, яғни шаһар шетінде орналасқан. Айта кету қажет, бұл – қала тұрғындарының көптен күткен қуанышы.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Мешіт мұнарасының биіктігі – 32 метр. Ал ішкі сәулеті ұлттық нақышта ою-өрнектермен өрілген. Жоба құны 1 миллиард теңгеден асып жығылады. Бастысы барлық заманауи талаптарға сай. Алла үйінде бір уақытта 500-ден астам адам құлшылық ете алады. Бұл – Петропавлдағы төртінші, ал облыстағы алпыс сегізінші мешіт. Олардың санының артуы дінмен бірге, қоғамның да дінгегін нығайтатыны сөзсіз. Өйткені елімізде діни сенім бостандығы қалыптасқан. Бұл Ата заңымызда көрсетілген.

Осы категория бойынша: « «7-20-25» бағдарламасы: ең қымбат пәтерлер Астанада Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы