374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады

  • 419
  • UPD: 12:32, 28.08.2018
Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады Sputnik Казахстан

Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың қатысуымен кездесу өткен болатын.

Іс-шара барысында «Астана – адалдық алаңы» жобасының аралық нәтижелері шығарылды. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

Соңғы үш жылда Астанада білім беруді қаржыландыру көлемі шамамен 44 млрд теңгеден 65,2 млрд теңгеге дейін, яғни 70%-ға өсті. Астана әкімі Әсет Исекешев бұл жұмыстардың жеке инвестицияларды тарту арқылы жүргізілгендігін мәлімдеді.

«Біз мемлекеттік бюджетпен қатар, жеке инвестицияларды да тартамыз. Мәселен, мектепке дейінгі білім беру саласында бизнес секторымен жұмыс істеу тәжірибесі бойынша соңғы үш жылда елордада 18 мың жаңа орын пайда болды. Егер салыстырып қарастырсақ, бұл шамамен 96 млрд теңгені құрайды және біз мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы жылына 6 млрд теңге бөлеміз», - деді әкім.

Әсет Исекешев пилоттық жоба жан басына қаржыландыруды іске асыру арқылы оқу орындарының жетіспеушілігін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, «келесі жылы үш ауысымды мектептер болмайды», - деді ол.

Оның айтуынша, білім беру саласында 5-тен көп ең танымал және қажетті мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды, бұл халық өтініштерінің 80%-ын қамтиды. Онда балабақшаға кезекке қою, балабақша мен мектепке қабылдау, құжаттарды қабылдау және колледждер жатақханасына қабылдаулар болады.

«2018 жылдың өзінде ғана е.аstana.kz электрондық қызметтер порталы арқылы білім беру саласында 42 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 25 мыңы – балабақшаларға жолдама, 15 мыңы - мектепке өтініш, 2800-ден астам өтініш техникалық білім беру бойынша», - деді әкім.  

Кездесуде «Астана – адалдық алаңы» жобасының аралық нәтижелері шығарылды. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі - сеніп тапсырылған мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап Астана қаласында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Астана қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жобасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ елорданың мемлекеттік мекемелерінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Білім беру мекемелерінің директорлары үшін әзірленген жаңа құжат заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіби қызметтің жариялылығы қағидаттарын сақтау үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін анықтайды.

Қарамағындағылардың заңсыз әрекеттері үшін бірінші басшының жеке жауапкершілігі белгіленген. Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Құжат - бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын ұтымды, ашық және заңды іске асыру үшін жауапкершілікті күшейтуді міндеттейді. 

Осы категория бойынша: « Петропавлда жаңа мешіт халық игілігіне берілді Павлодарда дәстүрлі қарбыз фестивалі өтуде »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы