365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда дәстүрлі қарбыз фестивалі өтуде

  • 192
  • UPD: 13:52, 28.08.2018

Жыл сайын күзгі жиын-терін науқаны қызған қыркүйек айында Павлодардың Аққулы ауданында қарбыз мерекесі өтеді.

Биыл шаруалар шараны аймақ жастарының қолдауымен облыс орталығында ұйымдастыруды жөн көріпті.

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– Қарбыз фестивалі – Ертіс өңірінде дәстүрге айналған мереке. Павлодардың брендіне айналған қауын-қарбыздың аймақта 80 шақты түрі өсіріледі. Өнім Астана, Қарағанды және көршілес Ресей нарығына шығады. Соңғы жылдары сары түсті өзгеше қарбыз пайда болды және асқабақ та көптеп өсіріле бастады.

Бұл мереке жыл сайын егіс алқабында өткізілетін. Биыл алғаш рет облыс орталығында ұйымдастырылып отыр. Жердің алыстығынан қала тұрғындары қарбыз фестивалін тамашалай алмайтын. Биыл сол олқылықтың орнын жастар толтырып отыр. Фестивальге жастар бастамаларын дамыту орталығы мұрындық болған. Олар алдымен қарбыз өсіретін шаруашылықтарға барып, диқан қауымның еңбегімен танысқан. Өткен жылы науқанға студенттердің «Жасыл Ел» еңбек жасағы да атсалысқан болатын. Фестивальді облыс орталығында ұйымдастыру идеясы сол кезде туындаса керек.

Қарбыз өсіретін ең үлкен шаруашылықтар Аққулы ауданында шоғырланған. Бұл өлкенің климаттық жағдайы ерекше. Жері құмдауыт әрі ауа райы құрғақ келеді. Ал бақша дақылын қырда өсіру өте сирек кездесетін жайт. Суарылмаған өнімге химиялық тыңайтқыштар қолданылмайды. Сондықтан 100 пайыз органикалық, яғни экологиялық таза саналады. Аудан диқандары шамамен 20-30 мың гектар алқапқа қарбыз егеді. 

Қарлығаш Қасиетова, twitter@kasietova

– Шаруалар қауын-қарбызды жинауға енді ғана кірісті. Бақша дақылдарының түсімі жаман емес, гектарына 280 центнерден келіп жатыр.

Ал фестивальға қатысушылардың көңіл-күйі ерекше көтеріңкі. Түрлі сауалнамалар мен ойындарға қатысып жатыр. Жалпы Ертіс өңірінің тұрғындары Аққулы қарбыздарын асыға күтеді. Өйткені жемістің бұл түрі солтүстік өңірде кешірек, яғни тамыздың ортасына таман піседі. Бағасы да қымбат емес. Павлодардың қарбыздарына әсіресе, Ресейдің шекаралас аймақтарынан сұраныс жоғары.

Осы категория бойынша: « Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады Жыл басынан Қазақстанда мыңнан астам адамның азаматтық статусы нақтыланған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы