365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан Қазақстанда мыңнан астам адамның азаматтық статусы нақтыланған

  • 187
  • UPD: 14:10, 28.08.2018

Жыл басынан бері елімізде 1 мың 400-ге жуық адамның азаматтық статусы нақтыланды.

Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Олардың орташа жасы 37-73 жас аралығында. Демек барлығы да жұмыс істеуге жарамды. Министрдің айтуынша, Қазақстанда жалпы саны 549 мыңға жуық адам еңбек келісімшартын жасаған. 84 мың тұрғын әлеуметтік ақы алып отыр. Ал «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына 92 мың 700 адам қатысты. Олардың 62 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылған. Азаматтардың әлеуметтік ахуалын реттеу бағытында жеке санаттар қарастырылды. Енді заңға өзгеріс енгізу ғана қалды. Қазір азаматтарды тіркеуді автоматтандыру қолға алынды.  

Осы категория бойынша: « Павлодарда дәстүрлі қарбыз фестивалі өтуде Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы