365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 2000 бала тегін жүзуді үйренді

  • 182
  • UPD: 18:31, 28.08.2018
Алматыда 2000 бала тегін жүзуді үйренді Ақпараттық және спорттық ХАБ

Алматыда 8-12 жас аралығындағы балаларды тегін жүзуге үйрету сабақтары аяқталды, - деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша өткен бағдарлама жаздың басында басталған болатын. Балалар қаладағы Almaty sports city (Almaty Arena), «H2О», Aquastars (3 бассейн) және Шаңырақ ықшам ауданындағы республикалық спорт мектебінің бассейндерінде жүзуді үйренді.

Осы жылы тегін жүзу сабақтарына 2000 бала қатысты. Олардың барлығы 12 сағат ішінде жүзудің бастапқы әдістерін тәжірибелі нұсқаушылардың көмегімен үйренді.

«Балаларға жақсы жүзіп кету үшін 30-36 сағат қажет, сонда олар жүзудің бір түрін болсын жақсы меңгеріп шығады. Бірақ осы қысқа мерзімде де жақсы нәтиже көрсеткендер бар. Менде оқыған 300 адамның 40%-ы құтқару белдіктерсіз, арқамен және кеудемен жүзуді үйренді. Ал басқалары өз қорқыныштарын жеңіп, суда батпауды үйренді», - дейді бассейн нұсқаушысы Эдем Кормушев.

Оның айтуынша, арнайы бөлінген бір айлық тегін сабағы балаларға аяқ-қолымен дұрыс жұмыс істеп, дұрыс тыныс алуды үйретеді. Сонымен қатар, жүзуден бөлек, балалар доппен ойнап та көңіл көтереді.

«Мен бұған дейін судан қорқатынмын, қазір жүзуді үйрендім десе де болады. Ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік бергендері үшін рахмет. Маған қатты ұнады», - деп өз ойымен Даниял Бекұлы бөлісті.

Тамыздың 30-ы дейін бағдарламаның барлық қатысушылары арнайы сертификаттар мен медальдар марапатталады.

Айта кеткен жөн, тегін жүзуді біріншіден көп балалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары және балалар үйінен шыққан жасөспірімдер үйренді. Сондай-ақ жүзуді үйренуге керекті барлық жабдықтар тегін берілді.

Осы категория бойынша: « Елорданың шенеуніктері қыркүйектен бастап таксиге отырады Еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған кітап жарыққа шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы