365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«ҚазТрансОйл» қауіпсіздік шараларын жақсартуға күш салып келеді

  • 196
  • UPD: 22:15, 28.08.2018

Кез келген кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі сақталуы керек. Еліміздегі стратегиялық маңызды өндіріс ошақтарының бірі «ҚазТрансОйл» ашық акционерлік қоғамы жылда қауіпсіздік шараларын жақсартуға күш салып келеді.

Алматыда кезекті форумда бас қосқан мұнайшы құбыр басқармасының өкілдері техникалық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады. 

Республикамыздың 11 аймағында бөлімшесі бар «ҚазТрансОйл» ұлттық операторының қарамағында 7 мыңнан аса адам еңбек етеді. Компаниядағы әрбір жұмыскер қауіпсіздіктің корпоративтік мәдениетін жақсартуға үлес қосуы тиіс.

Қайрат Сақтағанов, «ҚазТрансОйл» АҚ ӨҚ,КҰ және ТЖ демартаментінің НSE бойынша басқарма  директоры:

- 2017 жылдан бастап біздің компания жол картасын енгізді. 2020-шы жылға дейін НSE саласы бойынша әлемнің озық тәжірибесін меңгеруді көздеп отырмыз. Қазір осы мақсаттарымызды жүзеге асырып жатырмыз. 

Өткен жылдан бастап компанияда «Алтын қағидалар» енгзілген. 16 бөлімнен тұратын бұл құжатта қауіпсіздік туралы сауалдар, тәуекелдер мен еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру тетіктері қамтылған.

Винсент Спинелли, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК еңбек пен қоршаған ортаны қорғау басқармасының директоры:

- Бөлім басшылары мен компания жетекшілері қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Өйткені басшылар,  өз бетінше жедел шешімдер қабылдай алатын жұмыскерлерге ыңғайлы жағдай жасауы тиіс.

«ҚазТрансОйл» АҚ мамандарының айтуынша, компанияның өндірісінде  енгізілген еңбекті қорғаудағы ең үздік тәжірибелер араға көп уақыт салмай әлемдік ISO 45 001 стандартын  игеріп алуға өз септігін тигізбек.

Авторлары: Индира Оразалинова, Эдуард Кон

Осы категория бойынша: « Астана әкімдігінің қарамағындағы 60 көлік мектеп пен ауруханаларға үлестіріледі Атырауда «Қашаған – Қазақстанның болашағы үшін» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы