365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ахмет Мурадов: Қазақстан Конституциясы – әлемдегі ең озық модель

  • 320
  • UPD: 08:23, 29.08.2018

Және басты құжаттағы негізгі құндылық халық болып табылады.

«Көпұлтты зайырлы мемлекетте тұратын әрбір азаматтың сөз бостандығы, бас бостандығы мен еркін өмір сүруіне, сүйікті кәсібімен айналысып білім алуына толық құқы бар», – деді Алматыда Конституция күніне орай бас қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктердің өкілдері. Ата заңымызға 23 жылда бірнеше рет толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Мұндай жүйе халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Ахмет Мурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасының соңғы көтерген әлеуметтік маңызы бар 5 бастамасының өзі Конституциямызды дамытуға негіз болады. Әрине, құжатқа халықаралық құқық секілді мәселелер бойынша кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Алайда мемлекет тұтастығы, ел тәуелсіздігі, халық бірлігі секілді мәселелерге келгенде Ата Заңымыз өзгертілмейді. Елбасы айтпақшы, бұл – мәңгілік.

Осы категория бойынша: « Ерейментауда желден қуат өндіру жобасы жемісін берді Cыр диқандары күрішке орақ салды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы