369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асады

  • 722
  • UPD: 10:23, 29.08.2018

Маңғыстау өңірінде қыркүйектен бастап қазақ елі тарихында тұңғыш рет «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асады.

Жаңа бастама жанұя бірлігін сақтау, ана мен бала құқығын қорғау бағытындағы іс-шараларға оң ықпалын тигізбек. Өкілетті орган облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот базасында құрылады. Қазір ол жердегі дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

Қазақстан Жоғарғы соты бастамасымен құрылатын жаңа орган берекесі қашқан жанұя бірлігін сақтап қалуға жұмыстанатын болады деп күтілуде.

Бұл ретте Маңғыстау өңірі елімізде көш бастап тұр. Биылғы 7 айда отбасы жанжалы бойынша 1791 іс қаралып, 1191 неке бұзылды. Сот шешімімен 33 азамат ата-ана құқығынан айырылды. Ал былтыр 3526 дерек тіркеліп, 2306 ерлі-зайыптылар ажырасқан. Сот мамандарының айтуынша, бүгінде неке бұзылуының сипаттары да өзгерген. Бұрын жұмыссыздық пен ішкілікке салыну себеп болса, қазір олардан бөлек әлеуметтік желі арқылы өзгемен көңіл жарастыру соңы шаңырақтың шайқалуына әкеп соғуда. Келер қыркүйектен бастап «Отбасылық сот» жұмысы басталған соң қоғамдағы өзекті мәселені шешуге бағытталған іс-шаралар жаңа қарқын алады.

Гүлажар Бақытжанова, облыстық соттың судьясы:

- Неке бұзылғаннан кейін бала бөлінеді, мүлік бөлінеді. Ал өздеріңіз білесіздер, мүлік бөлуді жалпы соттылық қарайды. Солардың барлығын отбасылық соттарға берсек. Отбасылық соттар білікті психологтармен қамтамасыз етіледі. Ең алдымен «Отбасы» деген сөз жүргеннен кейін татуластыру, бітімгершілік рәсімдерге жүгінеміз. Әрине, отбасылық соттарда қаралатын істердің 100 пайызы бітімгершілікпен аяқталатын болса, ата-баба, билерімізден қалған мұра дер едік. 

Бүгін облыстық сот ғимаратында «Отбасылық соттардың сот жүйесіндегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға өңірлік, аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары мен судьялары, құқық қорғау органдары, медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Маңғыстау өңірінен соң осы пилоттық жоба жанұя және бала мүддесіне қатысты азаматтық істерді қарайтын Астана, Қостанай, Жамбыл соттарында жүзеге асады деп жоспарланған.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев, Ренат Дүсәлиев

Осы категория бойынша: « Cыр диқандары күрішке орақ салды Қарағанды облысында 1 млрд тоннаға жуық кен қоры табылуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы