368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жыл басынан бері 5 мың 120 бала өмірге келген

  • 217
  • UPD: 10:40, 29.08.2018
ШҚО-да жыл басынан бері 5 мың 120 бала өмірге келген

Орталық Азиядағы ең үздік медициналық мекемелердің бірі Өскеменде орналасқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығының қызмет сапасына осындай баға берді. Мамандар өңірдегі жаңа босанған әйелдер мен нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмек түрлерімен танысу үшін арнайы сапарлап келген. Көргендері мен білгендері шетелдіктерді шынымен де таң қалдырыпты.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 5 мың 120 бала өмірге келген. Олардың ішінде 332-сі шала туған. Дегенмен қазір жергілікті дәрігерлер дүние есігін мезгілінен ерте ашқан шақалақтардың өмірін сақтап қалудың барлық амалдарын меңгерген. Тіпті салмағы 500 грамнан сәл ғана асатын нәрестені қалай күтіп қарау керегін де жақсы біледі. Бұл тұрғыда орталық ең озық медициналық технологияны қолданып келе жатыр. 

Ион Бологан, ДДҰ-ның тиімді перинатальдық күтім бойынша ұлттық кеңесшісі: 

- Өскемендегі «Ана мен бала орталығында» Қазақстандағы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы барлық клиникалық хаттамалар мен ұсынымдар қатаң сақталып, жүйелі орындалып жатыр.  Бұл мекемеде ана мен балаға жақсы күтім ғана емес, жалпы алғашқы көмек көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында 1 млрд тоннаға жуық кен қоры табылуы мүмкін Семейліктер ядролық полигон құрбандарын еске алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы