374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі «Бейбіт миссия-2018» оқу-жаттығуына Қазақстан әскерилері қатысуда

  • 178
  • UPD: 13:27, 29.08.2018

Ресейдің Челябі облысындағы Орал танкілер бірлестігінің жаттығу алаңында «Бейбіт миссия-2018» оқу-жаттығу фазасы басталды.

Шараға Қазақстанмен бірге Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше 8 ел жұмылдырылған. Бұл әскери жаттығу жылына екі мәрте ұйымдастырылады. Қатысушы елдердің мүддесі ортақ, мақсаты бір. Ол – терроризмге қарсы тұру.

«Бейбіт миссия-2018» жаттығуы Челябі облысындағы Чебаркуль палигонында өтіп жатыр. Шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінен үш мыңдай әскери қызметкер және 500-ге жуық жер және авиациялық техника тартылған. Қазақстан Қарулы күштерінің атынан Су-30СМ екі жойғышы, Су-25 екі шабуылдаушы және С-295 турбиналы-винтті көлік ұшақтары өз қауқарын паш ететін болады. Сегіз жылдық еңбек өтілі бар майор Азат Абдулин әуеде 650 сағат ұшып үлгерген. Бүгін ол СУ-25 жойғышын тізгіндейді. Оқу-жаттығу жұмыстары аясында басқа елдің ұшқыштарымен бірге әуеде барлау жүргізіп, әскерилерді қорғап, әуе шабуылын жасауды жетік меңгеретін болады.

Азат Абдуллин, СУ-25 ұшқышы:

- Бүгін бізде ең маңызды оқу-жаттығу күні. Қатысып, Қазақстанның беделін жоғары көтереміз. Басқа елдердің әскерилерімен біз орысша не ағылшынша араласамыз.

Әуеде батыл қимылдау үшін алдымен тыңғылықты дайындықтан өту керек. Бұл – әскерилердің алғашқы ережесі. Полигонда ұшар алдындағы барлық кезең жіті пысықталады. Мұнда техникалық топқа басымдық беріледі.

Бактыбек Сапаршаев, СУ-25 аға технигі:

- Біздің басты міндетіміз – қойылған тапсырмаларды уақытында дайындап, ұшақты ұшқыштарға дайындап беру. Бәрін тексеруіміз керек, көруіміз керек.

«Бейбіт миссияға» Қазақстан, Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан және Тәжікстанның әскери басқарма бөлімшелері, құрлық күштері және авиациялары жұмылдырылған. Өзбекстан – бақылаушы ел. Жаттығудың басты мақсаты – лаңкестікке қарсы операцияны өткізу кезінде әскерилердің барынша бірлесе әрекет етуіне қол жеткізу.

Ин Тай Тун, ҚХР ӘӘК тобы командирінің орынбасары:

- «Бейбіт миссия» – мемлекеттер арасындағы әскери сенімді нығайтуға арналған таптырмас алаң. Шанхай ынтымақтастық ұйымы бейбіт өмірді қамтамасыз ету үшін құрылған. Және терроризмге қарсы күрес жолында бірігіп еңбек етуге, тәжірибе алмасуға қашан да дайынбыз.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы оқу-жаттығуына Үндістан мен Пәкістан алғаш рет қатысып отыр. Осылайша «Бейбіт миссия-2018» шарасы ауқымды алаңға айнала түсті.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Осы категория бойынша: « Қазақстанда сал ауруына шалдыққан балаларға тегін көмекті қайдан алуға болады «Мектепке жол» акциясы аясында 300 балаға мектеп формасы табыс етілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы