364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана марафонына 20-дан астам мемлекеттің спортшылары қатысады

  • 152
  • UPD: 15:14, 29.08.2018
Астана марафонына 20-дан астам мемлекеттің спортшылары қатысады elorda.info

16 қыркүйекте 10-шы Astana Marathon-2018 жарысы өтеді.

Мерейтойлық жарысқа әлемнің 20 мемлекетінен кәсіби споршылар мен әуесқой қатысушылар қатысады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астанада жыл сайын өтетін қайырымдылық марафонының негізін қалаушы және ұдайы ұйымдастырушысы – Гаухар Брамлей-Фентон.

Биылғы жарыста қатысушылардың саны бойынша рекордтық көрсеткіш күтілуде. Оның ішінде Қазақстаннан бөлек, Эфиопия, Кения, Эритрея және Уганда мемлекеттерінен де спортшы келеді.

«Қазіргі кезде жарысқа 2711 адам тіркелді, оның 116-сы 19 елден келмекші. Марафонға 5000 адам қатысады деп күтудеміз, оның 320-сы  әлемнің 20-дан астам елінен болады. Жарысты ұйымдастыруға еріктілер тартамыз», - деді ұйымдастырушылар.

Астананың 2018 жылғы марафонына 42,2 шақырым қашықтыққа 18 және одан жоғары жастағылар қатысса, 10 шақырымға 16 және одан жоғары жастағы азаматтар қатыса алады. 42,2 шақырымға соңғы тіркелу күні 10 қыркүйек, 10 шақырымға 15 қыркүйекке дейін тіркеліп, қатысуға болады.

Айта кеткен жөн, марафонға қатысу үшін жарна төлеу қажет. Ал жиналған қаржы қайырымдылық шарасына жұмсалады. Қатысушылар біріншіден, қайырымдылық шарасына қатысса, екіншіден, марафонға қатысу арқылы өзінің спорттық әлеуетін байқауына мүмкіндік алады.

Астана марафоны 16 қыркүйекте таңғы сағат 07.00-де EXPO павильондарына қарсы Рысқұлов көшесіндегі Р-4 тұрағынан басталады.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында Білім күні 9 мектеп пайдалануға беріледі Жапонияда жарылған атом бомбасының кесірінен 73 жылда 500 мыңға жуық адам қайтыс болған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы