374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда жарылған атом бомбасының кесірінен 73 жылда 500 мыңға жуық адам қайтыс болған

  • 200
  • UPD: 17:53, 29.08.2018

Биыл «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл толып отыр.

Сонымен қатар осыдан 27 жыл бұрын, дәл осы күні, яғни 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылған болатын. Осыған орай Алматыға Жапония елінен жойқын қарудың қасіретін тартқан, сондай-ақ ірі атом электр станциясындағы апатты бастан өткерген арнайы делегация келді. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруымен «Ядролық қарусыз бейбіт өмірге» деген тақырыпта өткен конференцияға қатысқан ғалымдар Қазақстанның осы салада атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.

Масанао Такэда, профессор /Жапония/

– Хиросима мен Нагасаки қаласында жарылған атом бомбасының кесірінен 73 жылдың ішінде 493 мың адам қайтыс болды. Сондықтан біз ядролық сынақтарға қарсымыз. Халықтар арасындағы сенімді нығайтып, достық көпірін орнату қажет. Бұл өте маңызды.

Ханкелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Адамзат тарихында соғыс, қырғын, апаттар аз болған жоқ. Бірақ соның біреуі де 20-ғасырдағы әлем қасіретімен, ядролық қарудың сыналуы, қолданылуымен тең келе алмайды. Соның нақты мысалы, Семей жерінде пайда болған, кезінде 1949 жылы ашылған сынақ айлағы. 40 жыл бойы жердің астында, үстінде, әуеде 456 рет атом бомбасы жарылды.

Осы категория бойынша: « Астана марафонына 20-дан астам мемлекеттің спортшылары қатысады А.Мамыкин: Қазақстан – ядросыз әлемнің ажырамас бөлігі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы