374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамыкин: Қазақстан – ядросыз әлемнің ажырамас бөлігі

  • 173
  • UPD: 17:41, 29.08.2018

Қазақстанның ядросыз аймақ болып жариялануы және Семей полигонының жабылуы – қазақстандықтардың мақтануға тұрарлық жетістігі.

Бұл – Еуропалық Парламенттің депутаты, Сыртқы істер комитетінің мүшесі Андрей Мамыкиннің пікірі. Сарапшының айтуынша, Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанның бастамасымен 29 тамызды Халықаралық ядролық қаруға қарсы күн ретінде белгілеген. Сондықтан бұл күн әлем үшін де маңызды екенін айтады маман.

Андрей Мамыкин, Еуропалық Парламенттің депутаты:

– Бұл өте маңызды күн. Себебі қарудың басқа түрі ядролық қару сияқты қауіп төндірмейді. Ресей мен АҚШ-тың қоры қысқарып, Қазақстан ядросыз аймақ болып жарияланды. Алайда аталған қарудың жер бетіндегі қоры адамзатты жойып жіберуге жетеді. Осы тұрғыда Қазақстанның ядролық қаруға қарсы саясат ұстанатыны қуантады және оны іспен дәлелдеп келеді. Ал атомның кез келген түрі адамзаттың игілігі үшін қолданылуы тиіс.

Осы категория бойынша: « Жапонияда жарылған атом бомбасының кесірінен 73 жылда 500 мыңға жуық адам қайтыс болған Еліміздегі барлық балабақшаға бейнебақылау камералары орнатылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы