367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстандағы қазақ мектептері жаңа оқулықтармен қамтылды

  • 323
  • UPD: 07:52, 30.08.2018

Өзбекстандағы қазақ мектептеріне 10, 11-сыныптарға арналған қазақ әдебиетінің жаңа үлгісі таратылды.

Оның авторы – белгілі жазушы Қалдыбек Сейданов. Онда ұлы Абайдан бастап Ыбырай мен Шәкәрім, Шоқан мен Сәкен сынды ұлы тұлғалардың шығармалары арқау етілген. Жалпы Өзбекстанда биылғы жаңа оқу жылында 650 мыңнан астам бала білім ұясының табалдырығын аттамақ. Оның арасында жүздеген қазақ баласы бар. Айта кетейік, Өзбекстан қыркүйектің бірінші жұлдызында ел тәуелсіздігін тойлайды. Сол себепті дәріс бірер күн кешігіп басталады.

Қалдыбек Сайданов, Өзбекстан Республикасы «Тұран» академиясының академигі:

– Қазақстандағы оқулықтардан өзгешелігі, Әлем әдебиеті қазынасынан, сосын Туысқан халықтар әдебиетінен деген мәселеге мән бере бастадық. Сол әдебиеттің ұлы тұлғаларының шығармаларын оның ішінде Қазақ әдебиетіне байланысы бар жағына ерекше көңіл бөлдік. Мәселен, Ғафур Ғұлам, Айбек, Міртемірлерді алдық. Өйткені олар Қазақ тақырыбына батыл барып, қазақ-өзбек халықтарының достығын, ынтымағын жырлаған.

Осы категория бойынша: « Қызылордада жас инспекторлар сайысы қорытындыланды Нұротандықтар Астанадағы балалар үйіне барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы