374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде ресми түрде бес ел ядролық қарулары бар екенін мойындайды

  • 232
  • UPD: 22:25, 29.08.2018

БҰҰ-ның ядролық қаруға тыйым салу туралы ұсынысын бүгінде 183 ел қолдап отыр.

Алайда атом бомбасына заңды түрде шектеу қою үшін әлі де 8 елдің келісімі жетпей тұр. «Сұсты қаруым болса кез келгенге сес көрсете алам» деп сеніп отырғандар әзірге ешқандай дәйек пен дерекке құлақ асқысы жоқ. Бұл мәселе бүгін Астанадағы халықаралық жиында кеңінен талқыланды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мамандар зұлмат қарудың салдарымен күресті сөз қылып, одан бас тартпай отырған елдерге үндеу жолдады.

Бүгінде әлемде сегіз ядролық алпауыт ел бар деседі. Оның бесеуі ресми түрде қарулары бар екенін мойындайды. Әлем проблемаларын зерттеуші Стокгольм институтының мәліметінше, бұлардың иелігінде 15 мың ядролық оқтұмсық бар болса керекті. Әзірге бұлардың ешқайсысы Қазақстан секілді ядролық әлеуеттен бас тартқысы жоқ. Құбылмалы қым қуыт заманда жер шарының кез келген нүктесіне жететін ракетаны елден шығарған Нұрсұлтан Назарбаевтың қадамы бүгінде төрткүл дүниеге үлгі. 

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Тағы бір қадам ретінде біз мемлекеттерді ядролық қаруға тыйым салатын келісімді қолдауға шақырамыз. Қазақстан бұл құжатқа ағымдағы жылдың 2 наурызында қол қойды. Қазіргі таңда бұл келісім ратификациялануға дайындық үстінде. 

Келісімді ратификацияламай отарған елдер бұл – АҚШ, Қытай, Иран, Израиль, Үндістан , Пәкістан, Корея және Египет. Себеп – саяси ұстаным мен гео-саяси мүдделер. Ал ортақ келісімге келмей, ядросыз әлем құру әзірге мүмкін емес.

Лассина Зербо, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы:

– Қазақстан бұл процесте белсенді рөл атқарады. Данышпан қазақ елі арқылы біз күллі әлемді қарусыздандыруға қол жеткіземіз деп сенемін. Менің ойымша, әлемдегі ешбір ел бұл қару түрін қолдамайды. Тек кей елдерді ядролық қарусыздандыру процесінің кейбір тетіктері қанағаттандырмауы мүмкін. Сондықтан біз мүдделерді тоғыстырып, бір байламға келу үшін жағдай жасауды мақсат тұтамыз.

Астанада айтылған ұсыныстар әлемдік қауымдастықтың құлағына жетсе, БҰҰ-ның мақсаты орындалады. Семей, Хиросима-Нагасаки сұмдықтары қайталанбайды. Жаппай қырып-жою қаруы ланкестердің қолына түсу қауіпі жойылады. Болашағын ойлаған кез келген мемлекет осы дәйектерді назарға алуы тиіс. Сарапшылар пікірі осыған саяды.

Авторлары: Аслан Қаженов, Өмірбек Ізімов

Осы категория бойынша: « Журналистер арасында «Самғау» байқауы жарияланды Еліміздегі сауда нысандарында пошта желілері ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы