365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі сауда нысандарында пошта желілері ашылды

  • 896
  • UPD: 22:40, 29.08.2018

Кәсібінен нәсіп тауып отырған азаматтар «Қазпошта» АҚ-мен серіктестік байланыс орнатуда.

Енді франшиза жүйесі бойынша еліміздегі 62 нүктеде пошталық қызмет түрлері көрсетіледі. Пилоттық жоба наурыз айында іске қосылған.

Енді жақындарыңызға сәлемдеме жібергіңіз келсе, пошта орталықтарына асығудың қажеті жоқ. Бар болғаны, жақын арадағы сауда нысандарына бару керек.

Замира Жұмағұл, «Қазпошта» АҚ коммерциялық департамент директоры:

– «Қазпошта» бүгінде 3 бағытта жұмыс істейді. Яғни пошталық жөнелтілімдер, қаржы және агенттік қызмет түрлері. Біздің серіктестердің орталықтарында пошталық қызметтен бөлек, коммуналдық төлемдерді өтеуге, аударылымдар жасауға, теміржол және әуе билеттерін сатып алуға мүмкіндік бар.

Пилоттық жоба іске қосылмас бұрын мамандар Ұлыбритания және Германия тәжірибесін жан-жақты зерттеген. Олардың айтуынша, басты мақсат – ел тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, уақыт үнемдеу. Ал серіктес компаниялар өздеріне тиесілі үлестерін алады. Осылайша, заманауи бастама үш тарап үшін де тиімді болмақ.

Аида Нұралиева, кәсіпкер:

– Жаңа жоба біздің қызметімізге жүгінетін адамдар қатарын арттырады. Олар газет немесе журнал сатып алып, телеарналар мен радиоларға жарнама беріп қана қоймай, пошта желісімен де пайдаланады. Біздің табысымыз ұлғаяды деп ойлаймын.

Ал егер қазан айына дейін онлайн сауда жасап, «Қазпошта» қызметіне жүгінетін болсаңыз, көлікке ие болу мүмкіндігіңіз бар. 25 жылдыққа орайластырылған шараға барлық ел азаматтары қатыса алады. Бастысы ғаламтор парақшасында көрсетілген талаптарды орындау қажет.

Авторы: Ғани Алшынбаев

Осы категория бойынша: « Әлемде ресми түрде бес ел ядролық қарулары бар екенін мойындайды «Самұрық-Қазына» HR-департаментке басшы іздеп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы