374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда «Ата Заңым – ардағым» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

  • 212
  • UPD: 11:20, 30.08.2018

Биыл еліміздің басты құжаты Ата Заңымызға 23 жыл. Конституция мерекесіне орай Петропавлда «Ата Заңым - ардағым» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Оны өткізуге облыстық архив мұрындық болып отыр. Шараны тамашалауға келгендерге ұйымдастырушылар,, конституцияны қабылдаудағы қызықты деректер мен маңызды құжаттың салиқалы мазмұны жайында айтып берді. Және де мұнда 1995 жылы Солтүстік Қазақстан облысында қабылданған маңызды құжаттардың түпнұсқасы қойылды. Көрме бірнеше күнге созылып, алдағы уақытта білім ошақтарында да өткізілетін болады. «Өйткені егемен елдің тарихын жас ұрпақ жанынан сіңіруі тиіс» , - дейді ұйымдастырушылар.

Сәуле Мәлікова, облыстық мемлекеттік архивтің директоры:

- Осыдан 23 жыл бұрын біздің облысымыздың деңгейі қандай болды? Бүгінгі күнгі біздің жетістіктерімізбен салыстыра отырып, соны қарасын. Себебі экономикамыздағы қиыншылықтар, әлеуметтік өмірдегі қиыншылықтар, тіпті сол кездегі наразылықтарда көрсетілген.

Осы категория бойынша: « Алматыдағы қорғаныс істері жөніндегі басқармада тіл мерекесіне арналған шара өтті Тараздық отбасылар мереке күні баспаналы болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы