365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің шығысында Конституция күні айрықша атап өтіліп жатыр

  • 191
  • UPD: 14:02, 30.08.2018

Шығыс қазақстандықтар Ата заң қабылданған ардақты күнді айырықша атап өтіп жатыр.

Шаһар жұрты мен қонақтары Республика алаңындағы көңілді мерекеге жиналып, арқа жарқа болды. Мейрамда облыс өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып жиналғандарға ән-жырдан шашу шашты. Сонымен қатар    ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылып, қысқа қам жасап жатқан жұрт назарына жергілікті бау-бақша өнімдерінің мол түрі ұсынылды.

Бүгінгі жәрмеңкеге неге тек қана қала мен қала маңындағы шаруалар қатысуда?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Қайырлы күн Мақпал. Бас құжатымыздың 23 жылдық  мерекесі құтты болсын.  Сұрағыңыз орынды,шалғайдағы шаруашылықтардың бұл жәрмеңкеге қатыспауының өз себептері бар.Өйткені олар енді он күннен соң өтетін облыстық ірі жәрмеңкеге  қатысуға әзірленіп жатыр екен. Ал бүгінгі жәрмеңке сол шараның жарнамасы іспетті.

Дегенмен, бұған қатысып жатқандар да аз емес,жалпы 60 тан астам шаруа 3 тоннаға жуық  өнімдерін әкеліпті.Әсіресе қаладағы жұрт үшін бұл көптен күткен сәттердің бірі. Алаңда таңғы сегіздеден бастап тізіле тұрған сөрелерден көкөніс пен жеміс жидектің түр-түрін кездеструге болады.Сонымен қатар орталық алаң жырға бөленді.Патриоттық әндер әуелеп халықтың рухын көтерді.

Қазір менің қасымда Шығыс өңірлік әскери қолбасшылығы бастығының орынбасары Ниязтай Болатұлы тұр.

- Ниязтай Болатұлы, Ата заңымызды ұлықтаған осындай мейрамның жас ұрпаққа берері қандай?

Ниязтай Әлкешов, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бастығының орынбасары: 

- Ата заңымыз қабылданған атаулы күн ұрпақ санасында патриоттық сезімнің ұясын қалау керек,Ата заңда жазылған әрбір жол ел намысы мен бірлігі,болашағы үшін арналған.Тәуелсіз еліміздің Бас құжаты біздің басты бағдарымыз.Онда әрбіріміздің құқығымыз қорғалған,дінімізге де тілімізге де маңыз берілген.Ата заңымыз қабылданғалы бері еліміз қанша биікке көтерілді,небір жетістіктерге жетті,атыс шабыстан аманбыз.Аспанымыз ашық,айбынымыз мықты.Енді осы аманатты аман сақтап абыройымызды арттыру бізге де,жас ұрпаққа да артылған парыз.Ендеше Конститутция күні құтты болсын.

- Әңгімеңізге рақмет. Жалпы қазір мерекелік шараның қызған шағы. Қала халқы әліде келіп орта толтырып жатыр. Менің жан-жағым ән мен күйге бөленген.

- Сіздерде этномәдени бірлестіктер көп екенін білеміз,ендеше бүгін ол ұжымдар белсенді шығар? 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Әрине онсыз бола ма, достық үйіндегі мәдени бірлестіктер кешқұрым ел назарына концерттік бағдарламаларын ұсынатын болады,Сонымен қатар дәл сол жерде ретро көліктер шеруі,түсті бояулар фестивальі ұйымдастырылады,  спорттық сайыстар да өткізіледі. Мінеки осылайша Ата заңымызды ұлықтаған мейрам түнге дейін жалғасады,, мендегі бар ақпар осы.

Осы категория бойынша: « Павлодарлық «Ертіс өңірі» іздестіру жасағы Ресейден оралды Қарағандыда жылдар бойы кезек күткен отбасылар баспаналы болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы