365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жылдар бойы кезек күткен отбасылар баспаналы болды

  • 241
  • UPD: 15:27, 30.08.2018

Қарағанды қаласында Конституция күні мерекесіне орай 60 жанұя баспаналы болды. Олардың барлығы да ұзақ жыл пәтер кезегін күткен мұқтаж жандар.

Бұл күні 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер мүгедек жандарға, соғыс ардагерлеріне, көп балалы отбасыларына және жетім балаларға үлестірілді. Қоныстой иелерінің қуанышында шек жоқ. Жалпы бұл бес қабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Ал жыл соңына дейін 325 пәтер тапсыру жоспарда.

Назым Ахметова, қала тұрғыны:

- Қосылғанымызға 3 жыл болды. Сол үйді көп күттік. Өте қуаныштымыз. Риза болып жатырмыз. Ризалықтан көзімізге жас келді. Алғысым шексіз. Конституция күні барлықтарыңызға құтты болсын. Әр отбасы осындай үйлерге жете берсін.

Осы категория бойынша: « Еліміздің шығысында Конституция күні айрықша атап өтіліп жатыр Алматы облысында Конституция күніне орай 150-ден астам шара ұйымдастырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы