371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында Конституция күніне орай 150-ден астам шара ұйымдастырылды

  • 309
  • UPD: 15:27, 30.08.2018

Аудандарда спорт мектептері, балабақша, сауықтыру орталықтары сынды бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, бәйге, көкпар сияқты дала қызықтары өтіп жатыр.

Ал облыс орталығы Талдықорған қаласының тұрғындары Жастар саябағындағы «Ел тірегі, ел бақыты Ата Заң» атты мерекелік шараны тамашалауға жиналды. Ардақ Айбарұлы әңгімелейді.

Конституция күні Жетісу төрі Талдықорғанда да кең көлемде тойланып жатыр. Қала тұрғындары таңмен «Жастар» саябағына жиналды. Спортқа бейімі бар азаматтар дойбы, қол күрес, кір тасын көтеру бойынша бір-бірімен күш сынасса, жас балуандар боз кілемде белдесіп, өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Сондай-ақ «Жастар» саябағында жергілікті өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Ілебай Үйсінбеков, қала тұрғыны:

- Бұл ұлы мереке. Халқымыз егемендік алғаннан кейін Ата Заңымызды ұстанып, осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Ата Заңымыз арқылы дүние жүзіне танымал болды Қазақстан.

Ғабит Тұрсынбай, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

- Ата Заңымыз еліміздегі барша халықты олардың тіліне, діліне, салт-дәстүріне, ұлтына қарамастан тең құқық беріп отырған барлық заңдарымыздың бастауы. Осы егемендігіміздің айғағы. Сондықтан бүгінгі мереке бүкіл халыққа ортақ.

Әлемдік деңгейдегі талай-талай байрақты бәсекелерде топ жарған ауыр атлеттеріміз Конституция күнін биыл Талдықорғанда қарсы алуда. Өйткені «Жастар» спорт сарайында ауыр атлетикадан ел біріншілігі өтіп жатыр.

Илья Ильин, Олимпиада чемпионы:

- Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймын. Бұл біз үшін өте үлкен мереке. Еліміз өсіп-өркендеп, гүлдене берсін! 

«Үлкен жеңістердің бәрі ел ішінде өтетін осындай жарыстардан басталады. Қазақстанның көк туын көкте желбіретуге мен қашан да әзірмін! Мереке құтты болсын!», – деді саңлақ спортшы.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Осы категория бойынша: « Қарағандыда жылдар бойы кезек күткен отбасылар баспаналы болды Ақтөбеде Тұңғыш Президент атындағы саябақта мерекелік шара өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы