371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандықтар Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

  • 227
  • UPD: 19:11, 30.08.2018
Түркістандықтар Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады

Қазақстанның Конституциясы – елімізде тұратын барлық ұлт пен ұлыстың татулығы мен тұтастығының, достығы мен ынтымағының кепілі.

Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностың бірлігі мен келісімі, құқықтық теңдігі тікелей Ата заңмен бекітілген. «Сондықтан біз тұрақтылықты ту етіп, достықтың даңқын жайған бауырлас қазақ елімен әрқашан біргеміз», – дейді болашағын тікелей Қазақстанмен байланыстыратын түркістандық өзбек ағайындар. Ұлық мерекені олар да атап өтіп, «жас ұрпаққа Ата заң ұлтаралық татулықтың алтын бесігі екенін әрдайым айтып отырамыз», – дейді. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, еліміздің Ата заңы әлемдегі адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның қатарына кіреді.

Мақсұт Изатуллаев, Түркістан қаласының тұрғыны, өзбек ұлтының өкілі:

- Конституция күнімен барлық Қазақстан халқын шын жүректен құттықтаймын. Бұл конституцияның ең мағыналы жері – достық, қазақ, өзбек, тәжік, орыс болсын, Қазақстанда тұратын барлық ұлттың бірлігі мен достығы кең айтылған. Елбасымызға рақмет айтамыз.

Осы категория бойынша: « Алматы тұрғындары Конституция күнін тойлады Сыр өңірінде Конституция мерекесі қарсаңында үшем дүниеге келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы