374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық балалар қауын мен қарбыз жеп жарысты

  • 244
  • UPD: 19:49, 30.08.2018
Қостанайлық балалар қауын мен қарбыз жеп жарысты

Конституция күнінде Қостанайда қауын-қарбыз мерекесі өтті.

Ерекше іс-шараны ұйымдастыруға жергілікті тәжік-өзбек этноорталығының мүшелері мұрындық болды. «Осы арқылы біз Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеті арасындағы достық қарым-қатынасты дәріптеуді мақсат тұттық», – дейді «Шарқ» қоғамының өкілдері. Бау-бақша өнімдерінің көрмесіне Қостанайдағы 11 балабақша ұйымы да қатысты. Олар өрнектеген бейнелер, түрлі ертегі кейіпкерлері, әсіресе, балғындарды айрықша баурады. Мереке соңы қауын мен қарбызды асаған «қомағайлар» сайысына ұласты. Бұған балалар да белсене қатысты.

Ергошвай Холметов, «Шарқ» тәжік-өзбек мәдени орталығының жетекшісі: 

- Әр жылы Өзбекстан жақта, басқа жақтарда тамыз айында үлкен мереке болады. Бұл – үлкен мереке, Қостанайда бірінші мәрте ұйымдастырылып жатыр. Енді осы айда әрбір адам қарбыз бен қауынға жақсылап тойып алса, бір жыл мықты болып жүреді, ауырмайды.

Осы категория бойынша: « Сыр өңірінде Конституция мерекесі қарсаңында үшем дүниеге келді Еуропалық парламент депутаты: Қазақстан Конституциясы – демократиялық құжат »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы