364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропалық парламент депутаты: Қазақстан Конституциясы – демократиялық құжат

  • 224
  • UPD: 22:44, 30.08.2018

Бүгінгі мерекеге орай арнамызға әлемнің түпкір-түпкірінен келіп жатқан құттықтаулар толастар емес.

Соның бірі Еуропарламенттен келді. Депутат Андрей Мамыкин «Қазақстан азаматтары өз елінің Конституциясын мақтан тұта алады. Себебі ол мемлекеттің негізі әрі басты заңы болып саналады», – дейді. Саясаткердің айтуынша, Қазақстандық Конституция демократиялық мемлекеттің барлық қағидатына және үлгісіне жауап береді.

Андрей Мамыкин, Еуропалық парламент депутаты:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы – нағыз демократиялық құжат. Ол Қазақстан азаматтарының барлық құқығы мен еркіндігін қорғайды. Өз атымнан қазақ елінің әрбір тұрғынын 30 тамыз Конституция күнімен құттықтаймын. 

Осы категория бойынша: « Қостанайлық балалар қауын мен қарбыз жеп жарысты Акмал Рахманов: ҚР Конституциясы өміршеңдігін дәлелдеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы