365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Акмал Рахманов: ҚР Конституциясы өміршеңдігін дәлелдеді

  • 196
  • UPD: 22:45, 30.08.2018

Өзбекстан заң шығару палатасының депутаты: «халық таңдауымен қабылданған Конституция уақыт сынынан сүрінбей өтіп, өміршеңдігін дәлелдеді», – дейді.

Акмал Рахмановтың айтуынша, Қазақстанның Ата заңы  түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдырын бір арнаға тоғыстырып, азат елдің бейбіт жолмен өркендеуіне негіз болды.  

Акмал Рахманов, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстан Республикасының  Ата Заңы бүгінде әлемдегі дамушы және  демократиялық жолды ұстанған конституциялар қатарынан орын алған. Бүгінгі айтулы мерекемен бауырларымды, ынтымағы жарасқан көрші қазақ жұртын шын жүректен құттықтаймын. Дүниедегі түрлі өзгерістерге қарамастан Қазақстан өзі ұстанған тура жолынан еш айныған емес. Бөлінуді білмейтін халқы бар қазақ жұрты одан әрі қарыштап дамып, экономикасы арта берсін деп тілеймін. Екі ел арасындағы туысқандығымыз нығайып, достығымыз мәңгілік болсын деймін.

Осы категория бойынша: « Еуропалық парламент депутаты: Қазақстан Конституциясы – демократиялық құжат ШҚО-да Конституция күніне орай 500-ден астам шара ұйымдастырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы