365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында есірткі дайындаушы қолға түсті

  • 241
  • UPD: 21:30, 30.08.2018
Жамбыл облысында есірткі дайындаушы қолға түсті Infomedia.kz

Жамбыл облысында есірткі дайындаған адам қолға түсті.

Полицейлер оны «Көкнәр-2018» жедел алдын алу шарасы кезінде Меркі ауданының құмды аумағынан ұстады. 42 жастағы азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Ол бұрын істі болмаған. Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, аумақты тексеру кезінде орақ пен салмағы 400 келіден асатын кептірілмеген марихуана табылды. Қазір ол өз әрекетін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Жалпы аймақта «Көкнәр-2018» шарасы аясында заңсыз есірткі айналымының 80 дерегі тіркелген.

Осы категория бойынша: « Таразда 80 отбасы қоныс тойын тойлады Алматыда алдағы үш жылда 37 жатақхана салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы