365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяның еліміздегі бұрынғы елшісі қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

  • 213
Оңтүстік Кореяның еліміздегі бұрынғы елшісі қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң Конституцияның арқасында дамудың даңғыл жолына түсті.

Корея Республикасының еліміздегі бұрынғы елшісі Ли Бён Хва осылай дейді. Ол 2009-2012 жылдар аралығында Астанадағы Оңтүстік Кореяның дипломатиялық миссиясын басқарған. Дипломаттың айтуынша, Ата заңның арқасында Қазақстан азаматтары бейбіт әрі тең құқылы өмір сүріп жатыр. Оның бірден бір дәлелі – Парламент мүшелерінің қатарында корей диаспора өкілдерінің болуы.

Ли Бён Хва, Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі /2009-2012/

– Мен қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ елінің көшбасшысын ерекше сыйлаймын. Себебі мемлекет тәуелсіздігін алғаннан соң бірнеше онжылдықтың ішінде қарқынды дамып келеді. Ел аралық серіктестігіміз нығая берсін дегім келеді. Және Қазақстан халықаралық қоғамдастықтағы көшбасшылығынан таймасын.

Осы категория бойынша: « Оралдық жастар Конституция күнін атап өтті Семейліктер Конституция күнін кеңінен атап өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы