364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Алтын жебе» ІІ халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

  • 353
  • UPD: 22:42, 31.08.2018

Елордадағы Қазанат атшабарында өтіп жатқан «Алтын жебе» ІІ халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге әлемнің 11 елінен 25 сұрмерген қатысып, бақ сынады.

Биылғы жарыста ерлермен қатар қыздар да өз өнерлерін көрсетіп, жебе атудан жігіттерден кем түспейтіндігін дәлелдеді. Жалпы мергендер сайысында кімнің бағы жанды? 

Биыл екінші рет ұйымдастырылған «Алтын жебе» турнирінің былтырғыдан бірқатар ерекшеліктері бар.  Жарыс үш кезеңнен тұрады. Яғни ат үстінде садақ ату жарыстары  халықаралық талаптарға сай «Азия стилі» «Түрік Стилі» және «Қазақ стилі» ретінде өт еді. олдардың әрқайсының өзіндік ережелері бар.

Талғатбек Әбді-Қожаев, тілші:

- Жарыстың алғашқы күні мергендер екі стил бойынша жебе тартты. Ал бүгін «Қазақ стилінде» бақ сынады. Бұл «Қазақ стилі» ежелгі өзіміздің жамбы ату өнері. Бұл стилдің ерекшелігі нысана 2,5 метрлік бағанаға ілінген және ол үнемі қозғалыста тұрады. Үш жамбы қойылған. Алғашқысы қола жамбы. Ол аттың шауып өтетін жолынан 6 метр қашықтықта орналасқан. Екіншісі күміс жамбы 8 метр қашықтықта  үшіншісі алтын жамбы он метр қашықтықта орналасқан. Егер мерген қола жамбыға тиетін болса 5 ұпайға, күміс жамбыға тисе 10 ұпай ал алтын жамбыға дарытса 15 ұпайға ие болады. 

Әр мергенге үш мүмкіндік беріледі. Мұнда дәлдікпен қатар жылдамдық та ескеріледі. Мергендер жалпы ұзындықты 16 секунда шауып өтуі шарт. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша руминиялық Кузми Михайдың бағы жанып, турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал екіншіні орынды өзіміздің Айкөз Ералхан иемденсе,  Тұрлыбеков Абзал үшінші орынды қанағат тұтты. Төртіншіні орынға моңғолиялық спортшы тұрақтады. Үздік бестікті түркиялық бауырымыз Алкан Ибрагим түйіндеді.

Кузми Михай, бірінші орын иегері (Румыния):

- «Алтын жебе» сайысына қатысып екінші рет жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қазақстан үкіметінің ұлттық спортқа тікелей қолдау көрсетіп, жан-жақтан спортшылар шақырып олардың жергілікті спортшылармен тәжірибе алмасуына жағдай жасағанын көріп риза болып тұрмын. Менің ойымша Қазақ стилі болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстың бір кезеңіне енеді. Өйткені бұл шынайы әрі қиын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жылдан-жылға турнирдің халықаралық деңгейі артып келеді. Бүгінде осы спорт түріне арналған аттарды арнайы дайындау ісі де қолға алына бастаған.

Бекболат Тілеухан, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

- Ат үстінен жамбы атуды қолға алғанымызға 14-жылдан бері 4-ақ жыл болды. Бірақ үш жылдың ішінде әлемдік деңгейге көшуіміз жақсы жүйенің арқасында, тек қана ол ғана емес өзіміздің қанымызда бар нәрсе жігіттердің дарынының арқасында деп айтсақ артық емес. Тіпті жігіттер түгілі қыздарымыз да Рамиша мен Әлия атты қарындастарымыздың да өнер көрсету деңгейі жақсы деңгейде. Бұл ары қарай жалғаса береді.

Айта кететін тағы бір жайт, 2021 жылы елімізде тұңғыш рет әлемдік Этноспорт ойындары өткізілмек.  Бүгіннің өзінде ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конференциясының мүшелігіне қабылданып үлгерген. Сондықтан мұндай турнирлер 2021 жылы өтетін байрақты бәсекеге дайындықтың бір сыпырасы ғана екен.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Ермек Кеншінбек

Осы категория бойынша: « Нұрлан Ермекбаев ШҚО-дағы әскери бөлімдерді аралады Астанада жолаушыларды мінгізу және түсіру кезінде автобустардың барлық есіктері ашылатын болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы