365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда қоғамдық көлікке электронды билет жүйесі енгізіледі

  • 274
  • UPD: 11:33, 01.09.2018

Атырау қаласында пилоттық режимде жолаушылар көлігіне электронды билет жүйесі енгізіледі.

«Бұл жоба көлеңкелі айналымнан табыс көзін шығару және әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы тасымалдаушыларды субсидиялауға, қоғамдық көліктегі нақты жолаушылар ағынын анықтауға мүмкіндік береді», – дейді салаға жауапты мамандар. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде қолға алынған жоба бүгіннен бастап қоғамдық көліктерде тестік жүйеде тексеруден өткізіле бастайды. Қазір 300 кондукторға бастапқы оқыту-үйрету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қазан-қараша айларында толыққанды қолданысқа енеді. Қазір қоғамдық тасымалмен айналысатын жергілікті 6 мекемемен келісімшарт жасалды. Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 10 мың карта тегін беріледі. Ал зейнеткерлерге басқа жүйе қарастырылған. Жалпы, көпшілік үшін электронды карта құны – 400 теңге. Сонымен қатар көлік тапшылығын жою мақсатында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен жаңадан 35 автобус сатып алынады.

Сержан Ақылбаев, кәсіпорын директоры:

- Бұл онлайн режимде жұмыс істейтін жүйе болып есептеледі. Алматы мен Астанадан айырмашылығы, бұл жүйеде 9 түрлі төлемге дейін істеуге болады: қолма-қол, телефонмен, автобуста орнатылған QR-код арқылы, кәдімгі банктің картасы арқылы, СМС, т.б.

Осы категория бойынша: « Көкшетауда IT-лицей ашылды ШҚО-да жаңа мектептер қолданысқа беріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы