368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 6300 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

  • 421
  • UPD: 15:21, 01.09.2018

Орал қаласында демографиялық дүмпу зор.

Оны мектеп табалдырығын аттаған шәкірттердің санынан айқын аңғаруға болады. Былтыр қолына алғаш әліппе алған шәкірттердің саны 5 мың жарым болса, биыл 6300-ге жетті. Ал жалпы оқушы саны бір жылда 4 мың балаға көбейіп, 47 мыңға жуықтады. Қазір білім ордаларына бала сыймай жатыр. Әсіресе Зашаған кентіндегі мектептерде орын тапшылығына байланысты оқыту процесі бірнеше жыл бойы 3 ауысымда өтіп келеді.

Орал шаһарындағы 5-шағын ауданда орналасқан №42 Ақ ниет мектеп гимназиясына 1 сыныпқа биыл 300 бала бармақшы. Алты жасар Алуа Мұса – солардың бірі. Бүгін оқулықтарын алуға келген зерек бүлдіршіннің білімге құлшынысы да ерекше.

Алуа Мұса, 1 сынып оқушысы:

- Мен алты жастамын. Мен сабақта тып-тыныш отырамын. Апайдың айтқанын тыңдаймын. Мен сабақты өте қатты жақсы көремін. Мен сабақты жақсы оқимын.

Орал қаласында соңғы жылдары оқушылар саны күрт көбейді. Егер осыдан сегіз жыл бұрын шаһарда шәкірттердің саны 32 мың болса, бүгінде 47 мыңға жуықтайды. Тек соңғы бір жылда оқушылар қатары 4 мыңға артты. Ал Білім күні 6300 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Бала санының өсімі, әсіресе, қаланың жаңа шағын аудандарында айқын аңғарылады.  

Ерік Темірғалиев, №42 мектеп директоры:

- Былтыр оқу жылында жеті 1 сынып болды. Биыл он 1 сынып келіп жатыр. Салыстырмалы түрде қарасаңыз, бірінші сыныпқа келу екі есе өсті деп айта аламын. Бала саны көбейіп келе жатыр. Биыл 500 балаға мектеп оқушы саны артып отыр.

Өткен оқу жылында облыс орталығында барлығы мың жарым орындық 3 жаңа білім ордасы пайдалануға берілді. Оның бірі №4 апатты мектептің орнына салынса, екеуі Деркөл шағын ауданында бой көтерді. Алдағы айда Зашаған кентінің Сарытау шағын ауданында 900 орындық білім ордасы тапсырылмақ. 

Жансұлу Төремұратова, қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

- Зашаған кентінде 3 мектеп 3 ауысымда оқып шықты. Олар: №10 мектеп, №20 мектеп, №47 мектеп. Сарытау шағын ауданында мектеп салынып бітуі жақын. Бірақ ол да біздің проблеманы шеше қоймайды. Сарытау мектебі ашылғанның өзінде де 10 мектепте 3 мыңның үстіне шығып кетті. 600-дей бала Сарытауға кеткен күннің өзінде 1200 орын қуаттылығы бар мектепте 2 мың жарым бала әлі оқып шығады.

Мектептердегі орын жетіспеушілігін жою мақсатында шаһар басшылығы таяу 3 жылда 6 мектептің құрылысын қолға алмақшы. Оның үшеуін Зашаған кентінде салу жоспарланған. Бүгінде білім ордаларының                                                                                                 жоба-сметалық құжаттары жасалып жатыр.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Р. Ғазезов

Осы категория бойынша: « ШҚО-да жаңа мектептер қолданысқа беріледі «Барымташылар» фильмінің түсірілім жұмыстары басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы