365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Жас ұландар қатары толықты

  • 208
  • UPD: 09:10, 02.09.2018

Жас ұландар қатары толықты. Астана қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық әскери мектепке биыл 200-ден астам тәрбиеленуші қабылданды.

Болашақ сарбаздар психологиялық тестен өтіп, қазақ тілі мен математика пәндері бойынша жазбаша түрде емтихан тапсырды. Сондай-ақ іріктеуде ұландардың дене шымырлығы да сыналды. Биыл қабылданған оқушылар саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 40 балаға көп, дейді ұстаздар.

Амантай Жарбосынов, мектеп бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары

- Биылғы жылы 9-сыныпты бітірген 10 сыныпқа көшкен 222 бала 14 облыс 2 қаладан қабылданды. Сораптаманы 5 тамыздан 22 тамызға дейін өткіздік. Ең таңдаулы балалар қабылданды деп ойлаймыз.

Сонымен қатар дәстүрлі шараға жас ұландардың ата-аналары да қолдап келді. Өнерлерін ортаға салған жас өрендер патриоттық әндер шырқап, қара домбырамен күй шертті. Ал арнайы шақырылған Ұлттық Ұлан сарбаздары әскери сап түзеп, ептілігі мен машықтарын көрсетті.

Ұлан Мұхаммед, «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі:

– Биылғы мектеп табалдырығын алғаш аттап, сыннан өткен ұландар мектептің 20 жылдығына тұспа тұс келіп отыр. Мұның өзі бір жақсылыққа шығар. Баршаңызды тағы да бірінші қыркүйек Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Осы категория бойынша: « Қостанайда алғашқы ақпараттық технологиялар лицейі ашылды Корея компаниялары Қазақстанда заманауи автобекеттер салуға ниет білдірді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы