364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 950 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

  • 225
  • UPD: 11:52, 02.09.2018

Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары 1 млн 400 мың гектарға жуық ауылшаруашылық алқаптарының пайдаланылмай жатқаны анықталса, соның 950 мың гектары - мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бос жерлерді айналымға енгізу конкурс арқылы жүзеге асуда. Жыл басынан бері өңірде ауылшаруашылық құрылымдарына 65 мың гектар жер жалға берілген. Бұл жұмыстар әсіресе Казталов ауданында қызу жүруде. Былтыр ауданда 40 мың гектар жер мемлекет меншігіне алынса, биыл бос жатқан 30 мың гектар жердің 12 мың гектары қайтарылды.

Абат Шыныбеков, Казталов ауданының әкімі:

- Бәленбай гектар жерді алып, мал өсірмейтін болса, малды асылдандыру бағытындағы түрлендіру бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатыспайтын болса, онда біз тиісті шаралар аламыз. Себебі бүгінгі таңда ауданымызға асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын, жалпы мал шаруашылығының өндірісімен айналысатын, қызығушылық танытып отырған азаматтар, инвесторлар бар, жоқ емес. Сол бағытта жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Оларға міндетті түрде үлкен көлемді жерлер қажет.

Осы категория бойынша: « Прокуратура БҚО-да жұмыспен қамту кезінде жалған есепке жол берілгенін анықтады Еліміздің шығыс аймағына қалың қар жауды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы