364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетаудағы көпсалалы университетте медицина факультеті ашылды

  • 397
  • UPD: 15:24, 03.09.2018
Көкшетаудағы көпсалалы университетте медицина факультеті ашылды

Көкшетаудағы көпсалалы жоғары оқу орындарының бірінде медицина факультеті ашылды.

Жаңа бөлімге биыл 172 студент қабылданыпты. Олар 5 жыл білім алып, медицина бакалавры мамандығын меңгереді. Бұдан соң тағы екі жыл интернатура оқулары керек. Жалпы қазір Ақмола облысында медицина мекемелеріне 150-ден астам дәрігер жетіспейді екен. Аталған факультет осы олқылықтың орнын толтыру үшін арнайы ашылып отыр. Тіпті 50 балаға облыс әкімдігінің гранттары да берілген. Ал осыған дейін студенттерге педагогикалық және техникалық бағытта білім беріп келген университет ұжымы «медицина мамандығын оқытуға да мүмкіндігіміз толық жетеді», – дейді.

Светлана Мұратбекова, медицина факультетінің деканы:

– Материалды база жеткілікті, бізде 2, 4, 6 қабатта аудиториялар берілді. Компьютерлік сыныптар бар. Бәрі дайын. 7 млн-ға компьютерлік ақпараттар алынды. Сабақ беретін мұғалімдер де дайын.

Осы категория бойынша: « ДДСҰ сарапшылары Өскемендегі «Ана мен бала» орталығының қызметіне оң баға берді Қазақстандық 120 жауынгер Ливандағы бітімгерлік операцияға қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы