371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысына қарасты Шоқпар ауылында мәдениет үйі ашылды

  • 384
Жамбыл облысына қарасты Шоқпар ауылында мәдениет үйі ашылды

Жамбыл облысы Шу ауданындағы Шоқпар ауылында жүз орындық жаңа мәдениет үйі қолданысқа берілді.

Бұл – үш мыңнан аса тұрғыны бар ауыл халқы үшін үлкен қуаныш. Өйткені осы уақытқа дейін шалғайдағы елді мекенде мәдениет ошағы мүлдем болмаған. Нысанды соғуға облыстық бюджеттен 215 млн теңге қаржы бөлінген. Екі қабатты ғимаратта мұражай, кітапхана, би, қолөнер үйірмелері және 100 орындық көрермен залы бар. Жалпы өңірде елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы жасалған. Осыған сәйкес, алдағы үш жылда 26 мәдениет үйін соғу жоспарланып отыр.

Әйгерім Айжанова, мәдениет үйінің қызметкері:

– Мәдениет үйіжоқ кезде мектеп қабырғаларындағы спорт залдарды, акт залдарын пайдаландық. Қазіргі ашылып жатқан нысан үшін өте қуаныштымыз.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық 120 жауынгер Ливандағы бітімгерлік операцияға қатысады Таразда тізе буындарын эндопротездеу операциясы алғаш рет жасалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы