367,27 419.40 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде бала құқықтарын қорғауға арналған 15 құжат ратификацияланды

  • 253
  • UPD: 17:44, 03.09.2018

Елімізде адам құқықтарына қатысты 60-тан астам құжат ратификацияланған. Олардың 15-і балалардың құқықтарын қорғауға арналды.

Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева мәлімдеді. Айтуынша, бүгінде елімізде балалардың құқықтарын қорғау жүйесі жүйелі жолға қойылған. Соның арқасында үкіметтік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы артып, бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді өткізу ісі ұдайы ұйымдастырылып келеді. Қазірде еліміз дарынды балалар саны жағынан әлемдегі 100-ден астам мемлекеттің ішінде 12-орында тұр. Дегенмен, бала құқықтарына қатысты заңның кемшін тұстары да жоқ емес. Арнайы құрылған ведомство кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қатысуымен болған жағымсыз жағдайларды сараптап, олардың шешу жолдарын қарастырып жатыр.

Сәуле Айтпаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Соңғы екі айдың ішінде 80-нен астам адам біздің қабылдауымызда болды. Бұдан байқағанымыз, отбасындағы түсініспеушілік, алименттің төленбеуі, әлеуметтік теңсіздік және балалардың білім алуы мен денсаулығына қатысты мәселелер бүгінгі күні өте өзекті болып тұр. Уәкіл ретінде біз бардық мәселенің заң бойынша шешілу жолдарын түсіндіріп береміз. Өкініштісі, бүгінде аналардың балаларды тастап кету жағдайы жиілеп кеткен. Сондықтан біз жас отбасыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Осы категория бойынша: « Қазақстанда алғаш рет химиялық кастрация жасалады Әбілязовқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды - Бас прокуратура »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы