374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әбілязовқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды - Бас прокуратура

  • 224
  • UPD: 17:29, 03.09.2018
Әбілязовқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды - Бас прокуратура tengrinews.kz

ҚР Бас прокуратурасы «БТА банкі» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Тәтішовті өлтіруді ұйымдастыру фактісі бойынша Мұхтар Әбілязовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«2018 жылдың 17 тамызында Әбілязовтің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-тармағы, 96 бабының 2 тармағы «ж, з» тармақшалары бойынша сараланды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодексінің 294-бабына сәйкес, күдікті Әбілязов пен оның қорғаушыларына тергеу іс-қимылдары өндірісінің аяқталғанын және қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталғанын хабарлайды», - делінген таратылған ақпаратта.

ҚР Қылмыстық-ппроцестік кодексінің 296-бабына сәйкес, күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы.

Қылмыстық іс материалдарымен танысу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдік ғимаратында 2018 жылғы 5 қыркүйекте мына мекен жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 145 үй.

Осы категория бойынша: « Елімізде бала құқықтарын қорғауға арналған 15 құжат ратификацияланды Б.Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы