365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «100 жаңа есім» жобасы жалғасын табады

  • 383
  • UPD: 23:10, 03.09.2018
Елімізде «100 жаңа есім» жобасы жалғасын табады ОКҚ сайтының фотосы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстандағы саммитте «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім» жобасын әзірлеуді ұсынды.

Ал былтыр елімізде  басталған бұл «100 жаңа есім» жобасы биыл да жалғасын таппақ. Байқауды өткізуге мұрындық болғандар осы жылғы конкурсқа шалғайдағы елді мекендерде тұратын жас таланттарды көптеп қатыстыруды жоспарлап отыр. Айтуларынша, дарынды өрендердің дені қоғам назарынан тыс қалып жатыр. Олардың ерен еңбегін көбіміз елеп-ескермейміз. Ал «100 жаңа есім» жобасы осындай озық жастардың елге танылуына мүмкіндік береді. Байқауға қатысатын үміткерлердің өтініші қазан айының ортасына дейін қабылданады. Мұқым жұрт оларға ғаламтор арқылы дауыс беріп, үздіктерін таңдайды. Сайыс нәтижесі желтоқсан айында жарияланбақ.

Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі:

-  Қазақстан халқының 42 пайызы әлі күнге дейін ауылдарда тұрады. Әсіресе, аймақтардағы, ауылды жерлердегі талантты, шынымен лайықты демеу сұрап жүрген, халықтан, биліктен, қала берді белгілі бір марапатты күтіп жүрген, өзіне рух алу үшін осындай мақтауды күтіп жүргендерді анықтауда үкіметтік емес ұйымдар аянбайды деп ойлаймыз.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысы мен Шымкентте жанар-жағармай тапшылығы жоқ Қазақстанда 20 млн тонна астық жинау жоспарланып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы